KZ
Өскемен
+20°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
480.11 532.25 5.14

ШҚО-да өрт-құтқару спорты бойынша чемпионат өтті

16.12.2021, 12:37 206

Өскеменде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша облыстық чемпионат өтті. ШҚО ТЖД спорт алаңында жеңіс үшін 60-тан астам спортшы күресті.
            Жоғары нәтиже көрсету үшін жақсы физикалық дайындық қана емес, сонымен қатар үлкен төзімділік қажет. Мұндай жарыстар өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды жауынгерлік жұмысқа даярлаудың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жарыс кезеңдеріне өрт сөндірушілер мен құтқарушылар кәсіби аттестацияларда тапсыратын нормативтерді орындау кіреді.
Жарысты салтанатты түрде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісов ашты. Ол Чемпионаттың барлық қатысушыларын құттықтап, барлығына табыс пен адал күрес тіледі.
      "Чемпионатты өткізу құтқарушылардың кәсіби және жауынгерлік даярлығын жетілдіруге, өрт-құтқару спортын дамыту мен насихаттауға бағытталған. Қатысушылар үшін бұл чемпионат өз әлеуетін ашуға жақсы себеп болды", - деп атап өтті жарыс ұйымдастырушылары.
     Өрт сөндіруші-құтқарушылар шабуыл сатысымен көтерілу және 100 метрлік кедергілер жолағынан өту бойынша жарысты. Жарысқа қатысушылардың көңіл-күйі жауынгерлік болды, өйткені чемпионат нәтижелері бойынша 2022 жылы Өскеменде өтетін қысқы республикалық чемпионатта біздің облыстың намысын қорғайтын облыстық құрама команда құрылады. Қиын жарыстардың қорытындысы бойынша нәтижелер келесідей:

Шабуыл сатысымен көтерілу кезінде:
Әйелдер арасында:
1орын - Валерия Поволодская
2орын - Алина Ахметова
3орын-Гүлжан Төлегенова
Ерлер арасында:
1 орын - Игорь Стецура
2 орын-Максим Черносвитов
3 орын-Әлем Абеуов
Жасөспірімдер арасында кіші топ:
1 орын-Арсений Скуратов
2 орын - Аркадий Серов
3 орын-Никита Боков
Ұлдар арасында орта топ:
1 орын-Глеб Колмаков
2 орын - Дамир Ренатулы
3 орын-Алексей Афанасьев
Ұлдар арасында үлкен топ:
1 орын-Дінмұхамед Әбілбаев
2 орын-Ілияс Қизаев
3 орын-Виктор Коршак
100 метрлік кедергілер жолағынан өту:
Әйелдер арасында:
1 орын - Валерия Поволодская
2 орын-Гүлжан Төлегенова
3 орын-Айдана Ержанова
Ерлер арасында:
1 орын - Ержан Шәріпханов
2 орын-Әлем Абелов
3 орын-Максим Черносвитов
Жасөспірімдер арасында кіші топ:
1 орын - Арсений Скуратов
2 орын - Никита Боков
3 орын-Глеб Соловьев
Ұлдар арасында орта топ:
1 орын-Эльдар Авилов
2 орын-Глеб Колмаков
3 орын-Алексей Афанасьев
Ұлдар арасында үлкен топ:
1 орын-Дилмұхамед Әбілбаев
2 орын - Виктор Коршак
3 орын-Ілияс Қизаев


       Чемпионаттағы ең үздік спортшылар ерлер тобында Әлем Абилов, әйелдер тобында Валерия Поволодская, жасөспірімдер тобында Эльдар Авилов, Дилмұхамед Әбілбаев және Арсений Скуратов болды.
Қазақстан чемпионаты 2022 жылдың ақпан айында Өскемен қаласында өтеді

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив