2025 жылға дейін 20-ға жуық жаңа мектеп салынады- ШҚО
ШҚО-да 2025 жылға дейін 20-ға жуық жаңа білім ордасы бой көтереді. Оның жартысына жуығы «Жайлы мектеп» жобасы негізінде салынбақ.
Аталмыш жоба аясында облыс орталығында 5 мектеп салынады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Сондай-ақ облыстық бюджет есебінен тағы 7 білім беру нысанын салынады. Олар Зайсан, Тарбағатай аудандарында, Жаңа Бұқтырма кентінде, Үлкен Қаратал ауылында, Риддер қаласында және облыс орталығындағы 2 бірдей жаңа мектеп құрылысы болмақ.
Айта кетсек, «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы өткен жылы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген болатын. Осы жоба аясында 2025 жылға дейін елімізде жаңа құрылыс стандарттары бойынша 840 мың орын беретін мектеп салу көзделген.