ШҚО-да карантин жарияланды
Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында карантин жарияланды.
Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған елдімекен әкімінің шешім құжатында жазылған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2023 жылғы 7 наурыздағы ұсынысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылдық округінің Шыңғыстай, Жаңа Үлгі ауылдарында мүйізді ұсақ мал арасында қой күлі (оспа) ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін», - делінген Катонқарағай ауылдық округінің әкімі Қайрат Нұрқанов шығарған шешімде.
Оқи отырыңыз