Диқандарға берілетін дизельдің бағасы белгілі болды
Өңірлерге көктемгі егін жұмыстарын жүргізуге 413 мың тонна дизель отыны бөлінді.
Бұл өткен жылғыдан 13 мың тоннаға көп, деп хабарлайды Altaynews.kz.
«Энергетика министрлігімен бірлесіп облыстарды мұнай өңдеу зауыттарына бекіттік, кесте жасалды. Ақпан айына белгіленген баға – тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге болды», - деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек.
Өңірлік операторлар ақпан айында 79,6 мың тоннаға немесе жоспардың 98 пайызына төлем жасады. 55,6 мың тонна (69 пайыз) жөнелтілді.
Министрлік өңірлерге дизель отынның тиеп-жөнелтілуіне күнделікті мониторинг жүргізеді.
Оқи отырыңыз