KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями Штиль
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Қазақстанда маусым-тамыз аралығында 266 адам суға кетті

5.09.2019, 11:22 571

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері, маусым-тамыз аралығында 266 адам суға батып кетті. Олардың 87-сі балалар деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2018 жылы шомылу маусымында суға кеткендердің жалпы саны – 282, оның 80-і балалар. ТЖК мамандарының айтуынша, өлім-жітімнің негізгі себептері – жабдықталмаған жерлерде шомылу, сондай-ақ балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру.

Жалпы айта кетер болсақ,  елімізде суда жүзуге арналған 607 ресми орын бар. Оның 107-сі коммуналдық және 500-і жеке жағажайға жатады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу