ХІ қысқы Гимназиада: Өскемендік мәнерлеп сырғанаушылар бірнеше жүлдеге ие болды
Павлодарда 3-5 сәуір аралығында мәнерлеп сырғанаудан ХI қысқы Қазақстан оқушылар гимназиадасы болды.
Аталмыш бәсекеде өскемендік мәнерлеп сырғанаушылар бірнеше жүлдеге қол жеткізді,
Мария Берестова спорт шеберлері бағдарламасы бойынша өнер көрсетіп, гимназиада жеңімпазы атанды. Екатерина Полинкина спорт шеберіне үміткерлер арасында күміс жүлде иегері атанды. Сондай-ақ Семён Резник те спорт шеберіне үміткерлер бағдарламасы бойынша сынға түсіп, «қоланы» қанағат тұтты.
Командалық есепте өңір намысын қорғаған ұлдар құрамасы үшінші орынға табан тіреді, ал қыздар командасы тұғырдың екінші сатысынан көрінді.
Оқи отырыңыз