KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СБ
504.6 594.27 6.48

Өскемен әкімдігінде жанармай мәселесі талқыланды

шартты сурет

11.04.2023, 10:29 436 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының әкімдігінде жанармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу мәселесі талқыланды.

Жиынға кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Гасан Тұрғанбаев, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері мен жанармай құю желілерінің иелері қатысты.

«Жанармайдың шекті бағасы сақталуы керек. Баға негізсіз өсіп кетпес үшін жан-жақты бақылауға алған дұрыс. Сондай-ақ өнімді сатуда ешқандай шектеулер қойылмауы тиіс. Кәсіпкерлерге осы жағдай түсіндірілді», – деп мәлімдеді қала әкімдігі.

Жиында Өскемендегі жанармай құю желілерінде жанармай қоры жеткілікті екені айтылды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу