ШҚО-да үздік отбасы байқауы жарияланды
шартты сурет
«Шығыстың ең үздік отбасы – 2023» атты облыстық байқау жарияланды.
Іс-шара «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Қараша ұрпақтары» қоғамдық қорының және Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссияның қолдауымен ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Байқау «Отбасы тарихы – өңір тарихы», «Еңбеккерлер әулеті», «Күміс той иелері», «Алтын той иелері», «Гауһар той иелері», «Ең жас көпбалалы отбасы» және «Мейірімді жүректі отбасы» сынды номинациялардан тұрады.
Әрбір аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталады.
Байқаудың толық ережесі төменде ұсынылады.
ОБЛЫСТЫҚ «ШЫҒЫСТЫҢ ЕҢ ҮЗДІК ОТБАСЫ - 2023» БАЙҚАУЫН ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Отбасы мен неке құндылықтарын насихаттау, қазіргі жас отбасылардың мәртебесін көтеру, өсіп келе жатқан жас ұрпаққа әлеуметтік-белсенді, тұрақты-өнегелі, сапалы тәрбие беруге жағдай жасау, отбасылық салт-дәстүрлерді, туыстық байланыстарды қайта жаңғырту, дамыту және бекемдеу, жас отбасылардың қазіргі жағдайдағы белсенді әлеуметтік көзқарастарын қалыптастыру, отбасының бұзылуы мен әлеуметтік жетімдіктің пайда болуының алдын алуға ықпал ету мақсатында «Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қараша ұрпақтары» қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссияның қолдауымен «Шығыстың ең үздік отбасы - 2023» атты байқау жариялайды. Байқаудың номинациялары: «Отбасы тарихы – өңір тарихы», «Еңбеккерлер әулеті», «Күміс той иелері», «Алтын той иелері», «Гауһар той иелері», «Ең жас көпбалалы отбасы» (35 жас), «Мейірімді жүректі отбасы».
Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер шешіледі:
- қалың бұқараны отбасы және неке құндылықтарын қалыптастыруды насихаттауға кеңінен жұмылдыру;
- жалпыұлттық құндылықтарға жататын, мемлекет қолдап, насихаттап отырған отбасы және неке институтының беделін бекемдеуге қатысты бірқатар сұрақты қарастыру;
- көрнекі әлеуметтік жарнамалар арқылы отбасы және неке институтын бекемдеудегі іс-тәжірибелерді жалғастыру;
- қазақстандық отбасылардың жақсы іс-тәжірибелерін бүкіл Қазақстан аумағында насихаттау.
Байқауды ұйымдастыру
«Тәуелсіз зерттеу орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Қараша ұрпақтары» қоғамдық қоры Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат бойынша комиссияның қолдауымен ұйымдастырушылардың (әрі қарай – ұйымдастырушылар) өкілеттілігіне төмендегілер жатады:
- байқаудың шарттары туралы кеңінен ақпарат беру;
- байқау комиссиясының құрамын жасақтау;
- іріктеу шарттарын белгілеу;
- байқауға түскен жұмыстарды жинақтау және сақтау шараларын анықтау;
- байқау комиссиясының жұмысын қамтамасыз ету;
- байқау қорытындысын ақпарат құралдары арқылы жариялау.
Ұйымдастырушылар байқау шарттары мен байқау регламентінің сақталуын, байқау комиссиясы жұмысының шынайы болуын, белгіленген байқаудың регламент аясында қызығушылық білдірушілер мен мүдделі мекемелерге барлық қажетті ақпараттардың кедергісіз жетуін қадағалауды қамтамасыз етеді.
Байқауға қатысушылар: Шығыс Қазақстан облысының отбасылары.
Байқаудың шарттары мен регламенттері:
Номинациялар бойынша қойылатын талаптар:
1) «Отбасы тарихы – өңір тарихы» – облысымыздың өркендеуіне елеулі үлес қосып, заманымыздың қаhарманын өсіріп-тәрбиелеген белгілі отбасылар;
2) «Еңбеккерлер әулеті» – үш ұрпаққа жалғасқан еңбеккерлер отбасы;
3)4)5) «Күміс той иелері», «Алтын той иелері», «Гауһар той иелері» – 25, 50, 60, 70 жыл отасқан үлгілі отбасы;
6) «Ең жас көпбалалы отбасы» – 5 және одан көп балалы, белгілі бір салаларда оң тәжірибесі мен жетістіктері бар ең жас отбасы (ата-анасының біреуінің жасы 35 жасқа дейін болуы керек);
7) «Мейірімді жүректі отбасы» – жетім балаларды тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.
Байқауды өткізу регламенті:
Облыстық байқау екі кезеңде өтеді:
Бірінші кезең: 2023 жылдың 20 наурызынан 20 сәуір аралығында қатысушылар байқауға қажетті құжаттарды ұсынады:
1) Қатысушылар туралы мәлімет:
№ |
Номинация |
Аты, жөні, тегі Байланыс телефоны Мекенжайы |
Жұмыс, оқу орны, лауазымы |
Жетістіктері |
|
|
|
|
|
2) куәландыратын құжаттар (мысалы, көпбалалы отбасы болса, неке және туу туралы куәліктерінің көшірмесі, 7-ші аталым бойынша қатысса, қамқоршылық кеңесінің немесе басқа атқарушы мекеменің анықтамасы);
3) отбасылық сурет (USB – тасушысы немесе электронды мекенжайға);
4) «Шаңырақтың берекесі» тақырыбында эссе жазу;
5) бейнетаспа «Отан отбасынан басталады».
Қатысушы туралы мәліметті Zhanar_kab.vko@mail.ru e-mail-ге жіберу.
Екінші кезең: 2023 жылдың 21 сәуірінен 5 мамыр аралығында байқау комиссиясы ұсынылған жұмыстарды қарап, жеңімпаздарды анықтайды.
Байқаудың ақтық кезеңі:
Байқаудың ақтық кезеңі Халықаралық отбасы күніне арналған «Отан отбасынан басталады» атты Отбасылық форум түрінде өткізіледі.
Байқау комиссиясының өкілеттілігі:
7.1. Байқау комиссиясының міндетіне жатады:
- байқау талаптарына сай емес жұмыстарды қатыстырмау;
- байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды анықтау.
7.2. Байқау комиссиясы шешімдерін басым дауыспен қабылдау және хаттамамен бекіту.
Байқауға қатысушыларды марапаттау
Әрбір аталым бойынша жеңімпаздар анықталып, бағалы сыйлықпен және дипломмен марапатталады.
Байқау нәтижелерін келешекте тарату жолдары:
9.1. Бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы тарату.
Қосымша ақпарат алу үшін 87775193996 телефоны арқылы байланысуға болады