Өскеменде авиациялық ангар жобасы талқыланды
Көрнекілік сурет
Облыс орталығында «Өскемен қаласында авиациялық ангар салу» жобасының қоршаған ортаға ықтимал әсерін бағалау бойынша қоғамдық тыңдау өтті.
Аталған іс-шараға жергілікті мемлекеттік органдардың, «Казцинк» тау-кен металлургия компаниясының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жоба облыс орталығының әуежай аумағында ангар салуды көздейді. Онда әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланып отыр.
Жаңа авиациялық ангар инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға ықпал ететін болады. Жобаның құрылысы кезінде қосымша жұмыс орындары құрылады.
Жобаның қоршаған ортаға әсерін бағалау есебіне сәйкес, жоспарланған жұмыстардың аумақтық флора мен фаунаға тигізетін әсері аз.