KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

ҮМЗ қалдықтары бұрынғы Семей ядролық полигонына көміледі

18.02.2020, 03:46 198

17 ақпанда ҚР Экология, геология және табиғи қорлар министрлігі және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасында қоршаған ортаны қорғау саласында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп Алтайньюс тілшісі аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қол қою рәсімі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік мәселелері жөніндегі XXII корпоративтік мәжілісі кезінде өтіп, оған Қазатомөнеркәсіп пен мемлекеттік орган басшылары, «Самұрық-Қазына» АҚ және оның қоржынындағы компаниялардың өкілдері, атомдық холдингтің еншілес және оған тәуелді ұйымдардың, серіктес-компаниялардың өкілдері қатысты.

Осыған орай ҚР Экология, геология және табиғи қорлар министрі Мағзұм Мырзағалиев былай деп атап өтті: «Қоршаған ортаға тиетін залалды барынша азайтуға көмектесетін заманауи технологияларды өндіріске ендіруді компанияның көздеп отырғандығы қуантады.

Аталмыш меморандум аясында сонымен бірге Үлбі металлургия зауытының қатты радиобелсенді қалдықтарын бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонында көму жөніндегі жобаны жүзеге асыру жоспарланған». Осы жобаны іске қосқан соң, Үлбі металлургия зауытының қалдық қойма теліміндегі арнайы құрылыстарда қатты радиобелсенді қалдықтардың сақталуы тоқтатылып, бұл радиобелсенді қалдықтардың қоршаған орта мен аймақ тұрғындарына теріс әсерін барынша азайтуға жағдай жасамақ.

Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов былай деп баса атап өтті: «Өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау Қазатомөнеркәсіп үшін №1 басымдық болып табылады. Компания өндірістік қауіпсіздік мәдениетін жетілдіруге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруды, мүдделі тараптардың барлығымен ашық әрі әділ диалогты жүргізуді жалғастыра бермек. 2019 жылы Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында өнеркәсіптік апаттарға жол берілген жоқ».

Меморандум мақсаты – өнеркәсіптің қызмет етіп жатқан аудандарындағы қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және де Қазатомөнеркәсіпке тиесілі еншілес әрі тәуелді ұйымдардың өндірістік қызметінің халыққа және қоршаған ортаға әсерін барынша азайту.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу