KZ
Өскемен
-5°
небольшой снег жел 2 м/с, СШ
517.66 606.49 6.44

«Қайсар-2023» әскери-патриоттық ойыны өтті – ШҚО

21.04.2023, 17:06 514 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонында 10-11 сынып оқушылары арасында патриотизмге және жоғары моральдық-психологиялық қасиеттерге тәрбиелеу, сондай-ақ жастар арасында әскери қызметтен жалтару үрдісін жоюға бағытталған "Qaisar" әскери-патриоттық ойындары өткізілді.    

Сайыс барысында әр ауданнан жиналған командалар топтық және жеке топтық жетістіктеріне қарай бағаланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Ойындардың басты мақсаты –  жас ұрпақты әскери қызметшінің кәсібімен және әскери қызметтің қыр-сырымен таныстыру, әскери қызмет өткергеннен кейінгі жастардың болашағын түсіндіру, физикалық және рухани принциптерді, стандартты емес жағдайларда жылдам жауап беру дағдыларын жетілдіруге деген ұмтылысты қалыптастыру.

Оқушылар "Менің елім – Қазақстан" әскери-тарихи викторинасына қатысып, топтағы ұлдар кедергілер жолағын бағындырды. Сонымен қатар командалардың саптық дайындығы тексеріліп, ұлдар 3000 метрге, қыздар 1000 метрге жүгіріп жарысты.

– Біз – еліміздің болашағымыз. Алдағы уақытта міндетті түрде Отан қорғайтын сарбаздардың қатарына қосыламыз. Сондықтан мұндай әскери дайындықтар мен үшін өте қызық. Бұл жарыста біздің физикалық дайындығымызды ғана емес, білімімізді де сынау үстіндеміз, – деді Алтай қаласынан келген қатысуша Арнұр Жәңгіров.

Сайыс қорытындысы бойынша, бірінші орынды Алтай ауданының оқушылары иеленсе, 2 орынға Самар ауданының оқушылары ие болды, ал Тарбағатай ауданының оқушылары 3 орынға тұрақтады.

Айта кету керек, бұл жарыста үздік деп танылғандар республикалық жарысқа жолдама алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу