KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, В
498.51 522.84 4.81

Кәсіпкерлер палатасы алматылық кәсіпкерге көмек көрсетті – ШҚО

Фото: ШҚО кәсіпкерлер палатасы

3.05.2023, 11:27 368

Өңірлік ерекшеліктеріне қарамастан, Қазақстанның барлық қала-аудандарында мемлекеттік сатып алу саласындағы бизнес субъектілерінің құқықтары жүйелі түрде бұзылатыны жасырын емес.

Мәселен, Алматы қаласының кәсіпкері Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының араласуының арқасында тапсырыс берушіден өзіне тиесілі қаражатын қайтарып алды, деп хабарлайды Altaynews  тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, 2022 жылдың қазан айында ШҚО кәсіпкерлер палатасына "DXTSTILL" ЖК директоры Данил Кашура мемлекеттік сатып алу шарты бойынша тапсырыс берушімен арада орын алған төлем мәселесін шешуге жәрдемдесуді сұраған.

Анық болғандай, "Таза Өскемен" МКК алдында қабылданған міндеттемелерге сәйкес кәсіпкер 7 күн ішінде жалпы сомасы 5,5 млн теңгенің акрил эмалін жеткізді. Алайда тапсырыс беруші төлем мерзімін кешіктіргенімен қоймай, кәсіпкер палатаға шағым түсіргенге дейін жеткізілген тауар үшін есеп айырыспаған.

"DXTSTILL" ЖК құқығын қорғау мақсатында облыстағы Кәсіпкерлер палатасы "Таза Өскемен" МКК-не тиісті сауалдар жолдады.

– Мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша уақтылы төленбеу, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің бұл мәселеде асықпауы Адал бизнес құқықтарының бұзылуына алып келеді. Бұл Мемлекет басшысының отандық бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған саясатына іс жүзінде қарама-қайшы. Біз "Таза Өскемен" кәсіпорнының әрекеттері заңсыз және қалыпты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіреді деп санаймыз, – деп түсіндірді ШҚО КП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді төмендету бөлімінің бастығы Рауан Абдуллин.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының және "Бизнеске жол" жобасы шеңберінде әрекет ететін ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің дәйекті әрекеттерінің нәтижесінде жеткізілген тауар үшін төлем толық көлемде жүргізілді. Егер "Атамекен" мен "Антикор" іске араласпаған жағдайда кәсіпкер өз ақшасын алар ма еді, әлде әлі де күтіп жүрер ме еді, кім білсін?!.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу