ШҚО-да кәсіпкерлердің рұқсат қағазына қатысты мәселе шешімін табады
ШҚО Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендердің рұқсат қағазын алуына қатысты туындаған мәселені шешетін болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кәсіпкерлер палатасы осы мәселе бойынша жергілікті атқарушы органдарға арнайы ұсыныстар әзірлеген екен. Бүгін бұл ұсыныстар облыстық әкімдікте қаралмақ.
- 3 сәуірден бері ШҚО Палатасына рұсат қағазын уақтылы ала алмаған кәсіпкерлерден көптеген шағымдар түсіп жатыр. Бизнеске шұғыл түрде көмек көрсету мақсатында ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Алмасхан Сматлаевпен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде сәйкес жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімдеріне қысқа мерзім арылығында туындаған мәселені шешу бойынша тапсырмалар берілді, - дейді Кәсіпкерлер Палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек.
Осыдан кейін бірқатар кәсіпкерлер рұқсат қағаздарын ала бастапты. Қазір жағдай Кәсіпкерлер Палатасының бақылауына алынған. Бұлардың тарапынан төтенше жағдай кезінде жұмыс істей алатын, рұқсат қағазын алуға тиісті кәсіпорындардың тізімі жасалған. Тізім облыстық әкімдікке беріледі.