Ардагерлерге төлем төлейтін елдердің рейтингі жарияланды

Jusan Analytics Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы төлем төлейтін елдердің рейтингін жариялады.
Жалпы, біздің елімізде ардагерлерге төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін әр облыс басшылығы өзі анықтайды. Биыл өңір әкімдіктері майдангерлерге кемінде 1,5 млн теңге (немесе 3,4 мың АҚШ доллары) төлеу туралы шешім қабылдаған. Бұл ТМД-ның өзге елдеріндегі төлемнен әлдеқайда жоғары, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Әрине, әр елдегі баға деңгейі әртүрлі және бірдей сомадағы ақшаға тауарлардың әртүрлі санын сатып алуға болады, сондықтан біз төлемдерді әр елдің сатып алу қабілетін ескере отырып салыстыруды шештік. Ол үшін біз Дүниежүзілік банк есептеген сатып алу қабілетінің Паритет коэффициенттерін (ПОҚ) қолдандық. Жалпы, база ретінде Қазақстанның баға деңгейі қабылданды – қазақстандық бағаларды ескере отырып, басқа елдердің төлемдері қайта есептелді, дейді сарапшылар.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректеріне сүйенсек, қазір елімізде 237 ардагер бар.