KZ
Өскемен
+4°
ясно жел 4 м/с, В
497.89 525.12 5

Теміржол билеттерінің бағасы күрт төмендеуі мүмкін

шартты сурет

10.05.2023, 17:10 343 Оразай Жеңісұлы

Көлік прокурорлары теміржол билеттерінің құнын төмендетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасы жоспарлы талдау шеңберінде көлік саласындағы уәкілетті органның "Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтерге бағалардың (тарифтердің) шекті деңгейлерін айқындау әдістемесін бекіту туралы" бұйрығын (бұдан әрі - Әдістеме) зерделеді.

"Әдістемеге динамикалық баға белгілеу принципі бойынша жол жүру құнын анықтау формуласы заңсыз енгізілгені анықталды, бұл іс жүзінде жол жүру құжат бағасының қымбаттауына мүмкіндік берген", делінген хабарламада.

Осы нормативтік актіге осы жылдың 21 ақпанында Бас көлік прокуратурасымен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне наразылық келтірілді, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

"Прокуратура бастамашылығымен енгізілген түзетулер жолаушыларға пойыздарда жүру құнын едәуір төмендетуге және билеттердің шекті бағасын белгілеуге мүмкіндік береді", делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда теміржол билеттерін сату кезінде динамикалық баға белгілеуді қолдану тоқтатылды, осы норманы алып тастау туралы бұйрықтың жобасы уәкілетті органдармен келісілу сатысында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу