Қазақстанда пойыз билеті 7%-ға қымбаттады
Қазақстанда пойыз билетінің бағасы өсті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттары (билеттер) тарифтерінің өсуі туралы мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің 2020 жылғы 24 ақпандағы №27-27-9/559 хаты негізінде 2020 жылғы 5 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша тарифті 7%-ға өсіру келісілді», – деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің хабарласында.
Оқи отырыңыз