KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

ШҚО-да жеңіл көлік жолдан «ұшып» кетті

шартты сурет

16.05.2023, 12:09 353 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының аумағында жеңіл көлік жолдан "ұшып" кетті.

Жол оқиғасы 16 мамырда таңғы сағат бес шамасында Өскемен-Алматы тасжолының 17 шақырымында болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

LADA 21705 маркалы көліктің иесі жылдамдықты шектен асырып жіберген.

«Жүргізуші жылдамдықты асырып жібергендіктен, көлік жолдан «ұшып» кеткен. Зардап шеккендер жоқ. 34 жастағы жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив