KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность Штиль
498.34 519.72 4.85

Зейнет жасына толдыңыз, енді зейнетақы жинағын алуға неге келмей жүрсіз?

Шартты сурет

22.05.2023, 17:00 282

БЖЗҚ жыл сайын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен (Мемлекеттік корпорация) бірлесіп, зейнет жасына толған, бюджет қаражаты есебінен жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алатын, бірақ БЖЗҚ-ға төлем үшін жүгінбеген адамдарды анықтау тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді.

Салыстыру нәтижелері бойынша 2023 жылдың басында жоғарыда аталған санаттағы 180 мыңнан астам адам анықталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыру мақсатында Мемлекеттік корпорация ағымдағы жылдың сәуір айында мобильді азаматтар базасында (бұдан әрі – МАБ) тіркелген алушыларға зейнетақы жинақтарын төлеу бойынша проактивті қызмет көрсетуге келісімін алу үшін sms-хабарламалар жіберді.

– Айта кету керек, сәйкестендіруде барлық алушылардың телефон нөмірі МАБ-та тіркелмегендігі қиындық тудыруда. Бұдан басқа, Мемлекеттік корпорация 57 мыңнан астам адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенін, сондықтан Мемлекеттік корпорациядан төлем алмайтынын анықтады. БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алмағандар арасында зейнетақы жинақтары төлемін алуға өтініш білдірмеген, қайтыс болған адамдардың мыңға жуық мұрагерлері де бар. Тағы бір санат – жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толған және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алып жүрген адамдар, – дейді қордың облыстық филиалының директоры Марат Сейтқалиев.

Алайда зейнетақы төлемдерін алуға жүгінбеген тұлғаларды анықтау жұмыстары әлі де жалғасуда. Осыған байланысты БЖЗҚ "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес зейнет жасына толған және БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдар БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екенін және БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелеріне уақтылы жүгінуге кеңес береді.

Егер алушы төлем алуға өтініш бермесе, зейнетақы жинақтары оның жеке зейнетақы шотында сақталып, оған инвестициялық кіріс есептеле береді.  

Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалып, зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу