Мүгедектік мерзімсіз болса, зейнетақы төлемдерін ертерек алуға бола ма?
Фото: ашық дереккөз
– Маған ота жасалғаннан кейін 2 топ мүгедектігі берілді. Мүгедектік 5 жылға тағайындалды. Зейнетақы төлемін зейнет жасына толғанға дейін ала аламын ба? 1 және 2 топтағы мүгедектік бойынша зейнетақы қалай тағайындалады?
Алмас Сархан
Жарма ауданы
Сауалға «БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Марат Сейітқалиев жауап береді:
– ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңында 1 немесе 2 топтағы мүгедектігі бар жеке тұлғалардың МЗЖ және/немесе МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік мерзімсіз болып белгіленген жағдайда ғана зейнет жасына толғанға дейін алуға құқығы бар екендігі көзделген. Бұл ретте ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемдерін мүгедектік тобы мен оның мерзіміне қарамастан алуға болады.
Барлық қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ-ға құжаттарды тапсыру тәсіліне байланысты БЖЗҚ-ның enpf.kz корпоративтік веб-сайтындағы "Қызметтер" – "Алушыларға" бөлімінде орналастырылған.
Әзірлеген – Дәурен Аллабергенұлы