Риддерліктер екі күн тегін медициналық көмек алады
Риддер қаласының тұрғындары екі күн бойы білікті медициналық мамандарға қаралып, тегін көмек алады.
Риддерге «Саламатты Қазақстан» пойызы келеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы хабарландыруды «Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК беріп отыр.
27 мамыр күні «Саламатты Қазақстан» пойызы «Тишинская» станциясына келіп, мамандар сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін тұрғындарды қабылдайды. 28 мамырда қабылдау сағат 10.00-де басталып, 16.00-ге дейін жалғасады. Риддерліктер терапевт, стоматолог, офтальмолог, ЛОР, хирург, уролог, маммолог, педиатр, психолог мамандарынан кеңес алады.
Зерттеу мен емдеу тегін.
Сондай-ақ тұрғындарды "Риддер қаласының мәдениет сарайы" КМҚК-нан (Тәуелсіздік даңғылы, 14-үй) сағат 9.00 және 13.00 тегін жеткізу ұйымдастырылады.