KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность Штиль
480.61 534.53 5.28

Қазақстан Орталық Азияда экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр – Президент

Сурет: Ақорданың баспасөз қызметі

8.06.2023, 11:56 241 Оразай Жеңісұлы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барлық жағдай жасалатынын айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді. Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты. Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр. Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз", – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстанның сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін айтты.

"Біз мемлекеттер мен адамдар арасындағы физикалық байланысты нығайтуға, сондай-ақ серіктес әрі дос ретінде қоғамдастықтар арасындағы байланысты күшейтуге тырысамыз. Осы факторлардың барлығын ескере отырып, бүгінде Қазақстан жаһандық, ең бастысы, шын мәнінде, сенімді сауда-экономикалық серіктес екенін айта аламыз", – деді Президент.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив