KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
494.95 525.49 5.05

Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды

Фото: balashover.ru

8.06.2023, 14:44 424 Ләззат Қанатқызы

Қазіргі кезде өрт қаупі кезеңі жоғары болғандықтан Катонқарағай қорығына кіруге уақытша тыйым салынды.

Ол туралы қорықтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, ШҚО ТЖД облыс аумағында бүгін ауа температурасы 41 градусқа дейін жететінін айтып, дауылды ескерту жариялаған болатын.  Аптап ыстық салдарынан өрт қаупі сейілмей тұр.

Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция, жергілікті атқарушы органдар қатарынан 46 мобильді топ құрылған.

Егер өрт болған жағдайда бірден "101" және "112" телефондары арқылы хабар беру қажет.

Сондай-ақ "Бурабай" және "Марқакөл" қорықтары биосфералық резерваттардың ғаламдық желісіне енгізілгені белгілі болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу