KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 2,6 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

ШҚО-да төтенше өрт қаупі сақталады

Фото: gov.kz

7.06.2023, 09:30 280 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында аптап ыстық қайтпай тұр. Синоптиктер 8 маусымда ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжам жасап, дабыл қағуда. Төтенше өрт қаупі төніп тұр.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндірушілер, орманшылар, полиция мен жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінен 46 мобильді топ құрылды. Рейд барысында қауіпсіздік ережесін бұзған 32 адам  әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Нұржан Өміржанов.

Төтенше қызмет өкілдері космомониторингті те пайдаланады. Бүгінде ғарыштық технологиялардың көмегімен 270 сурет түсірілді, 77 қауіпті нүкте тіркеліп, жедел пысықталды.

Өрт болған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөміріне қоңырау шалу қажет.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив