KZ
Өскемен
-6°
небольшой снег жел 8 м/с, ОБ
492.17 522.39 5

Ел аумағында 56 сайтқа тыйым салынды

9.08.2019, 06:14 232

Республикадағы есірткілік заттарды жарнамалаған 56 сайтқа тыйым салынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі, zakon.kz сайтына сілтеме беріп.

Есірткілік заттарды жарнамалаған сайт, әлеуметтік желідегі топтар, мессенджерлер және шетелдік 4 порталға тыйым салынды. Олар жарнамаланған заттарға тапсырыс қабылдап, жеткізіп беріп отырған.

– Бұл сайттардың жарнамасы жасөспірімдер арасында да таралып кеткен. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бас көлік прокуратурасының бастамасымен оларға ел аумағында тыйым салынды, – деп жазды Фейсбук желісінде Бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу