KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 1 м/с, В
480.55 533.75 5.36

ШҚО-да кәдесыйлар жәрмеңкесі өтеді

Фото: Altaynews.kz

8.06.2023, 17:03 2 335 Ләззат Қанатқызы

9 маусым күні, яғни ертең Солжағалау саябағында облыстық "Шығыс кәдесыйы" фестиваль-конкурсы өтеді.

Онда шығысқазақстандық шеберлер көпшілікке қолдан жасалған бұйымдары мен кәдесыйлар ұсынбақ, деп хабарлайды  Altaynews тілшісі.

Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасау бойынша тегін шеберлік сыныптары, ұтыс лотереясы мен қаланың кәсіби әртістерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылған.

  Облыстың түкпір-түкпірінен келген шеберлер ағаштан, киізден, қайыңның қабығынан, шыныдан, тастан, сүйектен, керамикадан жасаған кәдесыйларын және зергерлік бұйымдарын жәрмеңкеге шығарады. Фестиваль 11.00-де басталып, 17.00-ге дейін жалғасады, дейді ұйымдастырушылар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив