KZ
Өскемен
-12°
туман жел 1 м/с, С
498.51 522.84 4.81

Елімізде тауарлық газдың шекті құны бекітілді

Сурет: ortcom.kz

9.06.2023, 16:20 397 Оразай Жеңісұлы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев «ҚР ішкі нарығында тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес биыл 1 шілдеден 2024 жылдың 30 маусымына дейін ішкі нарыққа арналған 1 000 текше метр тауарлық газдың көтерме саудадағы шекті бағалары бекітілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шекті бағалардың көлемі: 

- Астана қаласы бойынша - 27 052 теңге;

- Алматы қаласы бойынша - 25 103 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша - 26 197 теңге;

- Ақмола облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша - 8 478 теңге;

- Алматы облысы бойынша - 25 103 теңге;

- Атырау облысы бойынша - 9 643 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша - 14 637 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша - 23 855 теңге;

- Жетісу облысы бойынша - 25 103 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Қостанай облысы бойынша - 22 387 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша - 10 113 теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша - 18 300 теңге;

- Түркістан облысы бойынша - 26 197 теңге;

- Ұлытау облысы бойынша - 27 052 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 7 563 теңге.

Сонымен қоса, тиісті бұйрықпен Қазақстанның ішкі нарығында сығымдалған және сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторларға тауарлық газдың шекті бағасы да бекітілді.

1 шілдеден 2024 жылдың 30 маусымына дейін кәсіпорындарға арналған 1 000 текше метр тауарлық газдың ең төменгі құны былай белгіленді:

- Астана қаласы бойынша - 36 135 теңге;

- Алматы қаласы бойынша - 44 378 теңге;

- Шымкент қаласы бойынша - 41 158 теңге;

- Ақмола облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Ақтөбе облысы бойынша - 16 349 теңге;

- Алматы облысы бойынша - 44 378 теңге;

- Атырау облысы бойынша - 11 427 теңге;

- Батыс Қазақстан облысы бойынша - 15 065 теңге;

- Жамбыл облысы бойынша - 40 879 теңге;

- Жетісу облысы бойынша - 44 378 теңге;

- Қарағанды облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Қостанай облысы бойынша - 33 627 теңге;

- Қызылорда облысы бойынша - 29 181 теңге;

- Маңғыстау облысы бойынша - 18 300 теңге;

- Түркістан облысы бойынша - 41 158 теңге;

- Ұлытау облысы бойынша - 36 135 теңге;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша - 7 563 теңге.

Тиісті бұйрық келер айдың алғашқы күнінен бастап күшіне енеді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу