ШҚО: Қай орындарда шомылуға рұқсат етілген?
Фото: elitar.kz
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі облыс аумағындағы шомылуға рұқсат етілген орындар тізімін жариялады.
Құтқарушылар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін рұқсат етілмеген, жабдықталмаған орындарға суға түсуге болмайтынын еске салады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыс аумағындағы шомылуға рұқсат етілген орындар:
Өскемен қаласы: 1) Меновное көлі - Жағажай, Солжағалау кешені; 2) Ертіс өзені - "Самал" жағажайы;
Алтай ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Прибрежный және Жаңа Бұқтырма кенттері;
Катонқарағай ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Ново-Хайрузовка ауылдық округі, Приморское ауылы мен Үлкен Нарын ауылдық округі, Свинчатка ауылы;
Самар ауданы: Сарыбел ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасы, Құлынжон ауылы;
Ұлан ауданы: Бұқтырма су қоймасы, Тарғын ауылдық округі, Манат ауылы, Тайынты өзеніндегі су қоймасы - Тарғын ауылдық округі, Төменгі Тайынты ауылы және Асубұлақ кенті, Шыбындыкөл көлі - Тарғын ауылдық округі, Жоғарғы Тайынты ауылы, Сібе көлдері (Садыркөл көлі) - Бозанбай ауылдық округі, Алғабас ауылы, Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдері (Төртқара көлі), Алғабас ауылында, Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдері (Шалқар көлі), Алғабас ауылы, Бозанбай ауылдық округіндегі Сібе көлдері (Қоржынкөл көлі), Алғабас ауылы, Гагарино ауылындағы Таврия ауылдық округіндегі Дубығалы көлі (Окуньки).