KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

ШҚО-да жастарға арналған коворкинг орталық ашылды

Аяужан Утеулинованың суреті

14.06.2023, 09:24 705 Ләззат Қанатқызы

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазір жастардың жан-жақты дамуына баса назар аударып отыр. Жастар – еліміздің болашағы. Олар болашақта көпұлтты елімізлің бейбітшілігін сақтап, әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істейтін болады.

Жастарды қолдап, оларды дамыту мақсатында алғашқы болып жұмысты бастап кеткен – ШҚО Достық үйі. Қазір Ассамблея базасында жастарға арналған коворкинг орталық ашылуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Орталықта жастар түрлі кездесулер мен семинарлар ұйымдастырып немесе қатыса алады.

– Ассамблея қазір түрлі бағытта жұмыс атқаруда. Біздің базамызда медиацияға арналған алаң мен коворкинг орталық бар. Бұл алаңға біз көптеген жастардың жиналғанын қалаймыз және тырысамыз. Себебі қазіргі қоғамда дәстүрден алыстап, сахнада өнер көрсеткісі келмейтін, көпшіліктің алдына шыққысы келмейтін жастардың бар екені белгілі. Біз сондай жандармен де жұмыс жүргізетін боламыз, – дейді облыстық Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының директоры Эльдар Төлеубеков.

  Бұдан бөлек Достық үйі үлкен іс-шараға дайындық жүргізіп жатыр. Тамыз айында мұнда "Әлеуметтік-этнографиялық процестер" тақырыбында отырыс өткізіледі. Іс-шараға Қазақстан, Ресей және таяу шет елдердің ғалымдары қатыспақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу