Жастар қандай мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен үй ала алады?
Жастар елдің тірегі, мемлекетіміздің ең маңызды бөлшегі болуы үшін оларға жан-жақты жағдай жасалуы керек. Баспанасы бар әрбір жастың болашаққа деген сенімі нығая түсетіні сөзсіз.
Қазіргі күні облыс орталығы халқының шамамен 15%-ын жастар құрайды. Ал, жастар үшін қаладаға ең маңызды мәселердің бірі – тұрғын үй сатып алу.
Барлығымызға белгілі, қазір әрбір тұрғын жылжымайтын мүлікті оңайлықпен сатып ала алмайды.
Статистикаға сәйкес, 30 жасқа дейінгі жастардың 54,3 пайызы пәтер жалдап, 18,6 пайызы жатақханаларда, ал 25 пайызы, яғни жастардың төрттен бірі ата-аналарының немесе туыстарының үйінде тұрады.
Осындай жастардың бірі - Ерболқызы Бақытжан.
Ол қазір жастар ресурстық орталығында жастармен жұмыс жөніндегі сектор меңгерушісі болып қызмет атқарады. Жастар оған үй сатып алу мәселесі бойынша жиі жүгінетін көрінеді.