Оңтүстік Корея Семей орманын қалпына келтіруге көмектеседі

Фото: ҚР ТЖМ
Азиялық орман шаруашылығы ынтымақтастығы ұйымы (AFoCO) Қазақстанға ормандарды қалпына келтіруге және өрттің алдын алуға көмектеседі
Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Сеулде ұйымның вице-президентімен кездесуінде осылай деді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
- Кореяда 50-60 жылда ормандарды қалпына келтіру мақсатында 11 миллиард ағаш егіліп, 2,5 миллион гектар жер қалпына келтірілген. Осыған байланысты біз Корея тарапына олардың бай тәжірибесін бізбен бірге пайдалануды ұсындық, - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин.
Естеріңізге сала кетейік, Семей орманындағы тілсіз жау 8 маусым күні тұтанып, 14 маусымда ауыздықталды. Алапат өрт салдарынан 60 мың гектар орман отқа оранып, 14 орманшы көз жұмды.
Оқи отырыңыз