Өскеменде жаяу жүргіншіні көлік қақты
Өскемендегі орталық базар маңында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті.
Елу жеті жастағы қала тұрғыны көлік жолын кесіп өтпек болған, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің өкілдері оқиға болған жерге жақын маңда жаяу жүргіншілер өткелі бар екенін айтты.
«Жол оқиғасының салдарынан жаяу адам жарақат алды. Жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол ережесін бұзған тұрғынға екі АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
Оқи отырыңыз