Өскеменде көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен жаяу жүргіншінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті
Өскеменде көлікке соғылып, оқиға орнынан қашып кеткен жаяу жүргіншінің видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өскеменде жаяу жүргінші көліктер саулап жатқан даңғыл жолды қиып өтпек болған. Рұқсат етілмеген жерде. Сол сәтте тұрғынды көлік қағып кетті.
Жаяу адам ауыр жарақат алмағанға ұқсайды. Орнынан тұрып, жүгіре басып кетіп қалды.
- Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылы бойында болған. 30 жастағы ер адам рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болған. Жаяу жүргіншіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз