Ертең Түркістанда Президенттің қатысуымен Ұлттық құрылтай өтеді
Фото: akorda.kz
Ертең Түркістан қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтеді.
Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Құрылтай барлық облыстың, сан түрлі саланың, әр буынның өкілдерін қамтиды. Мұнда азаматтық ұстанымы бар орта буынның тәжірибесі, жаңаша ойлайтын жастардың тың идеялары ортаға салынады.
Оқи отырыңыз