KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 4 м/с, СБ
480.63 535.13 5.27

ШҚО-да үздік тауарлар көрмесі өтеді

Фото: baq.kz

16.06.2023, 14:06 437 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығында «Қазақстанның үздік тауары» жыл сайынғы көрме-конкурсы аясында өтетін «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтеді.

ШҚО кәсіпкерлер палатасы өңірдің барлық облыс тұрғындары мен қонақтарын көрмеге қатысуға шақырады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, «БАБӨ» компоненті 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде құрылған «Мен кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралының бағыттарының бірі болып табылады. Жобаға қатысушыларға өтеусіз негізде техникалық, әдіснамалық, маркетингтік сүйемелдеу, кооперативтер мен антенна-дүкендерді ұйымдастыруға көмек көрсетіледі. Көрменің басты мақсаты - қарапайым азаматтардың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін арттыру, әйел кәсіпкерлерге өз өнімдерін өткізу нарықтарын кеңейтуге, әрі қарай экспортқа шығуға жәрдемдесу.

Біздің өңірдегі әйелдер бизнес-қоғамдастығының 16 өкілі «БАБӨ» көрмесінде өз өнімдерін, соның ішінде шайлар мен дәмдеуіштерді, жент, құрт, қымыз, бал өнімдерін, сабын, киім, былғарыдан және жүннен жасалған бұйымдарды және т.б. ұсынады.

«Бір ауыл – бір өнім» көрмесі 2023 жылғы 21 маусымда сағат 10.00-ден бастап Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 2 мекенжайында, Борис Александров атындағы Спорт сарайында өтеді. Барлығына кіру тегін!

«БАБӨ» жобасына қатысу туралы қосымша ақпаратты ШҚО кәсіпкерлер палатасы жанындағы Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығынан алуға болады: Өскемен қаласы, Әуезов даңғылы, 26/1, 1 қабат, каб. 3, тел. 8 (7232) 742-107. ӘКДО менеджер-кеңесшісі, «БАБӨ» жобасының үйлестірушілері Жанар Елемесова - тел. 8-777-411-54-01, Әсем Смайылова - тел. 8-705-701-40-11.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив