Өскеменде нашақорлыққа қарсы іс-шара өтті
Облыс орталығында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған іс-шара өтті.
«Жастар нашақорлыққа қарсы!» деп аталатын іс-шараны «Жастар рухы» ЖҚ-ның Шығыс Қазақстандағы филиалы мен облыс бойынша есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Іс-шара барысында облыстық және қалалық мәслихат депутаттары белсенді жастармен және басқарма өкілдерімен бірге есірткі сатып алу арналарының жарнамасын жойды.
«Нашақорлық демографиялық апаттан бастап экономиканы, әлеуметтік және саяси ортаны криминализациялау сынды түрлі залалдарға ұшыратады. Бұл мәселені барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерінің арқасында ғана шешуге болады. Қоғамның топтасуының нәтижесінде ғана жаһандық проблемаға айналған нашақорлықтың жолын кесуге болады және біз оң нәтижелерді көріп келеміз», - деп мәлімдеді AMANAT партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі.