ТЖ қызметкерлері нашақорлықтың салдары туралы ақпарат алды – ШҚО
Фото: gov.kz
7 маусымда ШҚО ТЖД-да Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай есірткінің денсаулыққа тигізетін зияны мен есірткі бизнесінің салдары туралы түсіндіру жүргізілді.
Арнайы шақырылған мамандар құтқарушыларға осы мәселеге қатысты кеңес айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Шара үшін ШҚ облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілі Галина Мырзабаева және ішкі істер органдарының Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы бойынша аға жедел уәкілі Алинур Назырбеков арнайы шақырылды.
Галина Мырзабаева синтетикалық препараттардың түрлері мен оларды қолданудың салдары, олардың әсерінен туындайтын аурулар туралы айтып, есірткі қолданатын адамды сыртқы белгілері бойынша қалай анықтауға болатынын түсіндірді. Алинұр Назырбеков психотроптық заттар мен олардың аналогтарын қолдану, сақтау және таратумен айналысудың құқықтық салдары туралы айтып, аспектінің заңды жағын айқын түсіндірді.