KZ
Өскемен
-1°
пасмурно Штиль
494.87 520.65 4.91

Әскерилер арасында нашақорлықтың алдын алу туралы жиын өтті – ШҚО

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

27.06.2023, 11:38 352 Ләззат Қанатқызы

Өскемен гарнизонының әскери бөлімдері және ШҚО қорғаныс істер жөніндегі департаментінің әскери қызметшілерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.

Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының Өскемендегі бөлімі қызметкерлері және облыстық наркологиялық диспансердің білікті наркологтары Өскемен гарнизонының әскери қызметшілерімен кездесіп, оларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нашаның зияны мен адамның әлеуметтік өміріне тигізетін теріс әсері жайлы әңгімеледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Әскери полиция қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды пайдалану, сату және сақтаудағы жауапкершілік туралы еске салды. Ал нарколог маман есірткіге деген тұрақты теріс көзқарас қалыптастыру мақсатында есірткі өнімдерің адам ағзасына қалай зиян тигізетініне тоқталды.

– Қазіргі кезде есірткі инъекцияларын көп қолдана бермейді екен. Көбінесе жастар дәріханаларда сатылатын препараттарды немесе синтетикалық препараттарды қолданып, сол заттарға тәуелді болып қалады. Біз ҚР Қарулы күштерінің қатарына қосылған әр сарбаздың өміріне жауаптымыз. Сондықтан алдымызға келген жас сарбаздардың бойынан ондай әуестіктері болса, оларды тоқтатуға, олармен жұмыс жасауға міндеттіміз. Мұндай кездесулер бізге қоғамдағы жағдайды түсінуге мүмкіндік береді, – деді Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімінің алдын алу бөлімшесінің бастығы әділет капитаны Дидар  Ибраев.

Нарколог маман әскери қызметшілерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын және есірткіні қолданудың зиянын түсіндірді және есірткіні сақтау мен тарату жауапкершілігі туралы ескертті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу