Әскерилер түзету мекемесіне барды - Өскемен
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемен гарнизонының әскери қызметшілері түзету мекемесіне барды.
Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, оларды сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің салдарымен таныстыру, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Темір торға тоғытылғандардың бүгінгі жай-күйімен, қазіргі таңдағы изолятордың жұмыс барысымен әскери қызметшілерді мекеме басшысы таныстырып өтті.
Мекеме мамандары әскерилерге тергеу кабинеттерін, жатын орындарды, асхананы, серуендеу алаңдарын және кездесу бөлмелерін көрсетті. Әрине, түрме мен бостандықтағы күйбең тіршіліктің арасы – жер мен көктей. Себебі тәулік бойы бақылауда болу, темір қоршаулар мен тар дәліз адамның еңсесін басатыны белгілі. Қамаудағылардың көзінде мұң, жүзінде еркін өмірге деген сағыныш байқалады. Оны көргенде бостандықтың қадірін түсінесің.
Әскери қызметшілер заң бұзып, жаза басса қандай өмірге тап боларын көрді. Бойларын үрей басты. Бүгінгі экскурссияның мақсаты да осы еді.