KZ
Өскемен
-14°
ясно жел 1 м/с, С
504.76 593.8 6.5

Өскеменде тағы алты үйдің қасбеті жөнделетін болды

27.06.2023, 19:39 481 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында жиырма жеті үйдің қасбеті жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. 

Естеріңізде болса, бастапқыда 21 тұрғын үй боялады деп жоспарланған еді.

– Қаланың орталық көшелеріндегі үйлердің қасбеттерін жаңарту жөніндегі бастамамызды көпшілік оң бағалады. Биыл 21 үйді жөндеуді ойластырған едік. Бірақ облыс әкімі Ермек Беделбайұлының қолдауымен жөнделетін үйлердің саны 27-ге жетіп отыр. Жалпы, үш жыл ішінде біз кем дегенде жүз үйдің қасбетін жаңартқымыз келеді, – деді Жақсылық Омар.

Қала әкімі маусым айында аулаларды жөндеу басталатынын айтты.

– Биыл 16 ауланы кешенді абаттандыру жоспарланған. Тағы 11 аулада ойын алаңдары орнатылады. Сонымен қатар біз былтырдан қалған төрт ауладағы жұмыстарды аяқтауымыз керек, – деді Жақсылық Омар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу