KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
495.95 524.37 4.98

Шығысқазақстандық экологтар жылу энергиясына түнгі тариф енгізуді ұсынды

Фото: stan.kz

1.07.2023, 14:34 487 Ләззат Қанатқызы

Облыс орталығындағы ауаның ластану деңгейін және шығындыларды азайту үшін экологтар жылу энергиясына арнайы түнгі тариф енгізуді ұсынып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Өскеменде ауаны негізгі ластайтын өнеркәсіптік кәсіпорындар екені баршамызға аян. Десе де, экологтар қазіргі уақытта оған жыл сайын артып келе жатқан қоғамдық көліктер мен жеке тұрғын үй секторлары және жеке қазандықтар да қосылғанын атап өтті.

- Облыс орталығында шығарындыларды еш тазартусыз жұмыс істейтін 80 жеке қазандық бар. Оған көмір жағатын жеке секторлар қосылады. Біздің қалада қатты буланатын екі өзен бар екені де белгілі. Әсіресе күн тынық болғанда қатты байқалады. Өткен жылы мұндай 99 жағдай тіркелсе, ағымдағы жылы әзірге 69 жағдай тіркедік, - дейді Данияр Әлиев.

Аталған экологиялық проблемаларды шешу үшін де экологтар жылу энергиясына түнгі тариф енгізуді ұсынып отыр. Алайда оның қалай әрекет ететіні және қала билігі мен энергия таратушы компаниялар бұл ұсынысқа қалай қарайтыны әзірге белгісіз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу