KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Өскеменде қоқыс жағатын зауыт салынбайды

5.08.2022, 10:04 209

Облыс орталығына қоқыс жағатын зауыт салынбайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Халықтың наразылығын тудырған жоба тек идея ретінде зерттелген. Оны жүзеге асыру туралы сөз де болмаған көрінеді. Бұл туралы облыстық экология департаментінің басшысы айтты.

– Өткен жылы қоқыс жағатын зауыттың жобасы талқыланғаны рас. Біз ашық режимде жиналыс өткіздік. Алайда халық қарсылық танытты. Содан бері бұл жоба туралы сөз қозғалған емес. Облыс орталығына қоқыс жағатын зауыт салу туралы мәселе біздің күнтәртібімізде жоқ, – деді ШҚО экология департаментінің басшысы Данияр Әлиев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив