Елімізде жанар-жағармай қоры жеткілікті ме?
Сурет: aptamedia.kz
Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық және қосалқы нысандары апатты жағдайда тоқтағанын растаған Энергетика министрлігі еліміздегі жанар-жағармайдың қоры туралы пікір білдірді.
«Қазір еліміздегі мұнай базаларында, МӨЗ резервуарларында жанар-жағармайдың жиынтық қорлары төмендегідей: АИ-92 автобензині – 351 мың тонна, бұл елдің 23 тәуліктік қажеттілігін жабуға жеткілікті. Аи-95 бензині – 46 мың тонна (15 тәулік), дизель отыны – 520 мың тонна (29 тәулік). Жанар-жағармай елдің қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз етеді және Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жөндеуден шыққан сәтке дейін жеткілікті», - делінген министрліктің ақпаратында.