KZ
Өскемен
-9°
ясно Штиль
495.95 524.37 4.98

Премьер-Министр ҚМГ өкілінің есебін сынға алды

Фото: primeminister.kz

4.07.2023, 10:30 194 Оразай Жеңісұлы

Премьер-Министр Әлихан Смайылов "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Хасан Дәулетжановтың есебін сынға алды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Үкімет отырысында Хасан Дәулетжанов Атырау мұнай өңдеу зауыты мен АМӨЗ-дегі апаттардан кейінгі жағдай туралы баяндаманы оқып отырып, мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс тоқтатылғанын атап өтті.

«Сіз өз баяндамаңызда бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы тоқтатылғанын, олардың кейбіреулері жұмысын қалпына келтіріп қойғанын айттыңыз. Сіздің ақпаратыңыз ескірген», – деді Смайылов.

Сонымен қатар Премьер-Министр жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын айтты.

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алыпқашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай басты назарда», – деді Әлихан Смайылов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу