Абай облысындағы дала өрті үш күннен кейін сөндірілді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
«Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді», - делінген мәліметте.
Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ғарыштан жасалған түсірілім өрттің 910 гектарға жуық аумақты шарпығанын көрсетті.
Өртті сөндіруге Абай облысы төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз