KZ
Өскемен
+4°
туман жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

ШҚО-да орман өрті тұтанды

Шартты сурет: gov.kz

5.07.2023, 11:32 259 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысында төтенше қызмет өкілдері орман өртін сөндіріп жатыр.

Өрт Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында тұтанды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Асубұлақ орман шаруашылығының аумағында таулы, жартасты, жетуі қиын жерлерде шамамен 20 га алаңда құрғақ шөп пен бұталардың өрті сөндірілуде. Елді мекендерге қауіп жоқ», - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сөндіруге ШҚО әуе бөлімшесінің 2 тікұшағы, «Қазавиақұтқару» АҚ-ның 2 тікұшағы және Қорғаныс министрлігінің 1 тікұшағы тартылып, 72 рет су төгілді. Орманшылардан, өрт сөндірушілерден және ЖАО-дан 200-ден астам адам, 25 техника жұмылдырылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив