KZ
Өскемен
+6°
пасмурно Штиль
479.05 534.57 5.17

Тоқаев: Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беруіміз керек

Фото: t.me/aqorda_resmi

5.07.2023, 11:37 432 Оразай Жеңісұлы

Астананы көшіру геосаяси тұрғыдан өте дұрыс қадам болды.

Бұл туралы Астананың бауырлас қалалары форумында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өздеріңізге мәлім, елорданы көшіру оңай болған жоқ, ауқымды жұмыс істелді. Бұл шешім өте күрделі кезеңде қабылданды. Ел экономикасы тоқырауда болды. Жұрт нарықтық қатынастарға толық бейімделмеген кез еді. Осындай қиын жағдайда Жоғарғы Кеңес Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша астананы Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, елорданың 25 жылдық мерейтойына орай Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр. Форумның тақырыбы – «Астананың 25 жылдығы. Жаңа перспективалар. Жаңа мүмкіндіктер». Іс-шара аясында қалаларды дамытудың өзекті мәселелерін және олардың қазіргі жаһандық әлемдегі өсуі мен инновацияның басты орталықтары ретіндегі рөлі талқыланады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив