KZ
Өскемен
+7°
небольшая облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Тоқаев орталық көшелерді ғана жарқыратып қоятын әкімдерге ескерту жасады

Фото: t.me/aqorda_resmi

5.07.2023, 12:23 260 Оразай Жеңісұлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тиімді көлік жүйесінің болуы аса маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Орталық көшелерді ғана жарқыратып қойып, қаланың шеткері аудандарына көңіл бөлмеу әділетті қоғам идеясына сай келмейді. Үйлесімді әрі теңгерімді мегаполис үшін тиімді көлік жүйесінің, соның ішінде дамыған қоғамдық көліктің, ыңғайлы велосипед және жаяу жүргіншілер аумағының болуы аса маңызды.

Технологияның, атап айтқанда, жасанды интеллекттің қарыштап дамуы қалаларды барынша сапалы басқару үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. "Ақылды қала" тұжырымдамасын жүзеге асыру азаматтарға жаңа цифрлық қызмет ұсынуға, ғимараттардың энергия тұтыну тиімділігін айтарлықтай жетілдіруге, сондай-ақ көлік ағынын түбегейлі оңтайландырып, көшедегі қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұл – біз үшін өзекті міндет.

Сонымен қатар адамдарға өзара тығыз байланыс орнатуға көмектесіп, азаматтар мен бизнестің қаладағы өзекті проблемаларды көтеріп, оларды шеше алатын белсенді қоғамдастық құру ісіне атсалысуына ықпал етеді. Астана бұл бағытта дамып келеді және бірқатар жетістікке жетті", – Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елорданың 25 жылдық мерейтойына орай Астананың бауырлас қалалары форумы өтіп жатыр және Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтың еңбегіне әділетті баға беру туралы айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив