KZ
Өскемен
-7°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Үлестік құрылыс: алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек?

Фото: inbusiness.kz

10.07.2023, 16:24 194 Оразай Жеңісұлы

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңы бойынша, үлескер болуға үлестік қатысу шартын жасасу арқылы ғана рұқсат етіледі.

2019 жылы бастапқы нарықтағы тұрғын үйдің бір шаршы метрі орта есеппен 293,5 мың теңге тұрды, ал 2023 жылғы мамырда оның бағасы 486 мың теңге (айырмашылық – 65,6 пайыз) болды. 2019 жылы қайталама нарықтағы тұрғын үй ауданы орта есеппен 200,4 мың теңге, ал биыл мамырда 505,7 мың теңге болды, деп хабарлайды Altaynews.kz Finprom деректеріне сілтеме жасап.

Елімізде орташа айлық атаулы жалақы биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 340,6 мың теңге болды. Бұл 2019 жылғы орташа көрсеткіштен 82,3 пайызға артық (186,8 мың теңге). Бұл өсім инфляцияны тоқтатпайды, бір жылдағы жалақының сатып алу қабілеті 0,6 пайызға төмендеді.

«Мынадай жағдайда елімізде құрылысқа үлестік қатысу не себепті танымал екені түсінікті. Өйткені тұрғын үйдің бағасы онда тұруға берілгенге дейінгі бағасынан 30 пайызға арзан. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Заңы бойынша, құрылыс кезеңінде тұрғын үйді сатуға бекітілген үлгілік нысан бойынша үлестік қатысу шартын жасасу арқылы ғана үлескер болуға рұқсат етіледі», – делінген ақпаратта.

Үлестік қатысу шартының үлгілік нысаны Ұлттық экономика министрлігінің 2016 жылғы 28 шілдедегі №345 бұйрығымен бекітілген. Шарт жазбаша жасалады. Қол қойылғаннан кейін үлестік қатысу шарты "Қазреестр" бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жергілікті әкімдікте тіркелуге тиіс. Келісімшартты тіркеу кезінде қосарланған сату фактісіне жол бермейтін және төлем үшін негіз болатын үзінді көшірме беріледі.

Сатып алушы құрылыс салушымен басқа шарт (алдын ала броньдау шарты, резервтеу шарты, инвестициялық шарт, талап ету құқығын беру шарты) жасаса, ол үлестік құрылысқа қатысушы болып саналмайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу