«Востокмашзаводтың» жалақы бойынша қарызы жоқ – Еңбек инспекциясы
Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО бойынша мемлекеттік Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлімдеді.
Наурыз айындағы жағдай бойынша компания барлық міндеттемелерді орындаған.
Еске салайық, осыдан бірнеше жыл бұрын «Востокмашзавод» АҚ кәсіпорны құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұрған еді, кәсіпорынның тек жалақыға қарызы шамамен 500 миллион теңгені құраған.
Өткен жылы зауытқа жаңа инвестор келіп, қарыздың біраз бөлігі жапты. Соның өзінде кәсіпорын әлі де жалақыны бірде беріп, бірде бермей жүрген көрінеді. Себебі биылдың өзінде жүздеген қызметкер «тегін жұмыс істедік» деп шағымданған.
– Наурыз айындағы мәлімет бойынша, кәсіпорында жалақы бойынша қарыз жоқ. Жаңа инвестор жағдайды түзетіп жатыр, сәуір айындағы мәлімет бойынша жалақыға 30 миллионнан астам қаражат бар. Сондай-ақ, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар бойынша қарыздарды өтеу жүйелі жүргізілуде, оған бір жарым айға жуық уақыт қажет, - деп түсіндірді Бақытбек Қизатов.
Сонымен қатар, басқарма ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап «Востокмашзауыт» АҚ өндірістік секторы қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға көтерілгенін атап өтті.