KZ
Өскемен
-26°
плотный туман Штиль
504.6 594.27 6.48

Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді – министрлік

Фото: spacefreighters.blogspot.com

24.07.2023, 14:35 412 Оразай Жеңісұлы

Қазіргі таңда оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Телеграм парақшасында жазылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Министрліктің мәліметіне қарағанда, цифрлық оқулықтарды 11 баспа әзірледі. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында мұғалімдер оны қолдануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылды. 

"Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9-сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 сынып оқулықтарының 61 пайызы электронды нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған",– дейді Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электронды оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күнге дейін 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған.

Министрлік 2023 жылдың басынан бастап цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылған деп жазды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу